24.05.2022
  115


Автор: Бақыт Беделханұлы

Өлең қалқып барады ой-ағында...

Өлең қалқып барады ой-ағында,
Қос бүйірі бүлкілдеп оянуда.
Оянуда, біртіндеп бой алуда...
Өлең қалқып барады ой-ағында!
Денең балқып, жанады жүрек от боп,
Жан жабырқап қашанға жүдеп өтпек?!
Ақындарсыз осынау ел мен жерін,
Еміреніп сүйе алар кім өбектеп?
Жүрегімнен жылжыса жырдың селі,
Шегірткедей ыршиды мұңның шері.
Қазағыма қалдырып жүре берем,
Бір күн пері көңілімді бір күн сері.





Пікір жазу