24.05.2022
116
Светланаға
Сөзің дара, көзің өткір тажал қыз,
Жүрген жерің ойын-күлкі, базар қыз.
Жүрегіңді шаша берме жан-жаққа,
Біз де бір күн ғашық болып қалармыз.
Біз де бір күн ғашық болып қалармыз,
Жаныңызға сосын жақын барармыз.
Сақинаны беріп тұрып, сырғаны,
Тәңір жазса, құлағыңа тағармыз.