24.05.2022
142
Есентайға
Ызыңдап бөлмеңе бала келді
Бүлігін бірге өзімен ала келді.
Әйел алып құдай-ай нең бар еді,
Жіпсіз тұзақ басыңа және келді.
Інісі едің кешегі Асекеңнің,
Бүгін ғана байқалды «бас» екенің.
Қартайдың деп мазақтап күлсеңдағы,
Дәл саған қарағанда жас екенмін.
Біреудің қызын алып қатын қылдың,
Соған ғана жеткен-ау батылдығың.
Бір Алла көз жасыңды иген екен,
Бір жылауық беріпті аты «мылжың».
Балаң бар алдыңа сап әлдилейсің,
Жылатасың, сосы кеп «әлди» дейсің.
Жылатқан соң тамақпен уатардай,
Қатыныңа «кәші әкел, мәнни» дейсің.
Табиғатқа бағынбас шамаң қанша,
Бағындыра қоятын санаң қанша.
«Бәрі заң» деп, құдай-ай қатын апсың,
Сені «әке» ғып қойған соң амал қанша.