24.05.2022
149
Мейрамгүлге
Сен туған күн...
Ел байлығын жинап жатқан қамбаға.
Алтын күз. Сап-сары алтын паң дала.
Керек сонда
Күндеріңді еске алған,
Қарап қойып, өткеніңе таңдана.
Сен туған күн...
Үйдің іші қуанышқа бөленіп,
Мәрә-сәрә, ауыл жатты
Жыр-думанға кенеліп.
Сол қуаныш биге бөлеп,
Биге бөлеп маңайын,
Билеп кеткен кәрі, жасы
Бәрі бірдей теңеліп.
Бүгін міне, тағы келді,
Туған күнің ғажайып!
Күй мен әнді жүз рет шырқап,
Саған арнап салайық.
Жүз рет сенің тойың болсын,
Жүз рет болсын, көбірек болсын,
Қалмасыншы азайып.
Сен туған күн...
Тілеймін саған,
бақ берсін деймін,
Жасай бер деймін,
Жасай бер деймін жүз рет.
Анау-мынау пәлелерден
Сақтасын деймін,
Сақтасын деймін құдірет!