Нұртай-Әлияға
Келіп ем Алматыға емделгелі,
Оған қоса үлгеріп жер көргелі.
Сөйтсем мұнда Нұртайым ұмтылып жүр,
Алматыны тау жақтан меңгергелі.
Жасынан жақсы жан-тын сөзге ермейтін,
Сөзге жүйрік болатын сөз зерлейтін.
Алматыдан биіктеу тұрсадағы,
Көңілі сол баяғы өзгермейтін.
Жүрген жоқ шыбын жанын бағайын деп,
Оп-оңай жолдан олжа табайын деп,
Арқадан Алатауға көшіп келді,
Бұл жақтан да бақ отын жағайын деп.
Құтты болсын демекпіз келген жерің,
Үзілмесін артыңнан ергендерің.
Қайда жүрсең берекелі ете бер,
Ризығымен Алланың бергендерін.
Кимедің сен құндыз бөрік, тон-тұлып,
Өстің солай он жығылып, он тұрып.
Бәрі соның артта қалды, ал бүгін,
Балларың жүр өміріңді толтырып.
Әлия екеуің ұзақ- ұзақ ғұмырлы,
Бәйтеректей тербеліңдер тұғырлы.
Балаларың бақ пен бақыт әкелген,
Болсын және сүйкімді де жұғымды.