23.05.2022
  154


Автор: Ошақбай Суханберлин

Есенжол мен Рая 70-те

Жастық өтті, шақтар еді көп-көрім,
Той боп өтті, талай мәрте көктемің.
Жылдар да өтті, байқамай жүріп ақыры,
Көрдіңдер міне, жетпістің қалай жеткенін.
Асулардан, белдерден өрлегенде,
Кездер бар қиналған да, терлеген де.
Бүгінгі мерейтойың құтты болсын,
Жетпіске келген де бар, келмеген де.
Бүгін міне, өмірің биік тұғырлы,
Тұрсыңдар басып, жетпіс деген ғұмырды.
Ұрпақтарың келеді өсіп жайқалып,
Ата-баба дәстүрін жалғап бұрынғы.
Бауырын жазып, балалар қанат қағып,
Ұя салды қияға самғап барып.
Армандарың бұл күнде орындалып,
Жүрсіңдер арамызда ардақталып.
Үйдің құты–Раяға жарасатын,
Ешкім жоқ ақиқатқа таласатын.
Ескеңдей азаматтың бағын ашқан,
Биік болсын мәртебең, парасатың.
Бір-бір ауыл Талғатың мен Асқарың,
Болсын ашық әрқашан да аспаның,
Қуантып жүрсе немерелер сендерді,
Бұдан артық керегі не басқаның.
Ағайын тату болса ас көп деген,
Абысын тату болса ас көп деген.
Келіндерің ақ отаудың берекесі,
Бастарынан ешқашан бақ кетпеген.
Міне, осындай бақытты отбасының,
Қуанышы көл-көсір ортасының,
Есенжол мен Рая жүз жасасын,
Көре берсін бақыттың мол тасқынын.
Тек жақсылық бұл үйге келсін дейік,
Бір Алла денсаулығын берсін дейік,
Тойларың тойға ұласып, құтты болып,
Өнегесін ұрпағының көрсін дейік





Пікір жазу