23.05.2022
  145


Автор: Ошақбай Суханберлин

Бақытжанға

Жүзінен күлкі кетпеген,
Мысқылы бар ептеген.
Мінезі бар мап-майда,
Жүреді байқап еппенен.
Еңбегінің жемісін,
Көре алмас тер төкпеген,
Ұстаздық жол қиын-ды,
Сырына ешкім жетпеген.
Шыңдала бер, жете бер,
Мақсатыңа беттеген.
Ұстаздық шебер ісіңмен,
Шәкірттің жанын біле бер,
Жыл сайын жаңа туғандай,
Арамызда жүре бер.
Былқылдаған сайтан қыз,
Бақытты бол айтамыз.





Пікір жазу