23.05.2022
150

Қорланға
Тарих атты ғылымның түбін ойып,
Қазып жатыр, жан-жақтың бәрін қойып.
Шәкірттері өзімен шыншыл тарих
Жасамақшы ескінің бәрін жойып.
Осы жолда бірталай еңбегі бар,
Әлі талай еліне бермегі бар.
Ұзақ-ұзақ жасай бер, жемісті бол,
Нағыз жеміс–саулықпен келмегі бар.