23.05.2022
215
Есенжол Рая 60-та
Алпыс күз, алпыс қыс, алпыс көктем,
Қас-қағымда зымырап өтіп кеткен.
Бұрқырап, дуылдатқан қайран жастық,
Есте қалды күндерің дүрілдеткен.
Қызығы көп, таусылмас өткен істің,
Кейде жер де, кейде ұзап аспанға ұштың.
Алланың бұл да берген нәсібі ғой,
Кеуде керіп, демепсің «көктен түстім»
Рая екеуің қос бәйтерек,
жапырағы жайқалған.
Ұрпақтарың өсіп-өніп,
маман боп жүр майталман.
Шүкірлік ет думандатқан отбасыңды бұларға,
Қызығыңды, базарыңды,
ажарыңды қайтарған.
Бел ортасын алпыс жастың ойғандар,
Жүрек жылуын ешқашанда жоймаңдар.
Немере мен шөбере, бөбектерді көбейткен,
Ұлдарыңның қызығына тоймаңдар.
Алла жазса, жетпісті де, тоқсанды да басасың,
Өміріңнің қызығына әлі талай батасың.
Біздің тілек: үлгілі етіп ұрпақтарын өсірген,
Сұлтанбеков әулеттері жасасын!