23.05.2022
  143


Автор: Ошақбай Суханберлин

Раузаға

Өмір деген қызық-ау, көзді ашып-жұмғанша,
Өтеді де кетеді төсегіңнен тұрғанша.
Бүгін міне, шұрайлы, құтты елді мекенсің.
Алпыс деген ауылға келіп қалған екенсің.
Қызығына баллардың, әлі талай батасың,
Баяғыша шашылып, көл-көсір боп жатасың.
Өткеніңе көз салсаң, бәріне де шыдапсың,
Ендігі айтар тілегім, тойың тойға ұлассын!
Сырың да сол баяғы, сының да сол баяғы,
Қуаныштар көбейіп, таусылмасын аяғы.
Таусылмасын айлығың, таусылмасын байлығың!
Таусылмасын майлығың, өйткені сен біз үшін,
Таусылмайтын бұлақсың. Таусылмайтын бұлақ бол,
жанып тұрған шырақ бол!





Пікір жазу