meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  23.05.2022
  1884


Автор: Ошақбай Суханберлин

Жездеме

Өтіп жатыр уақыт шіркін көсілген,
Өткен күндер кетпес жезде есіңнен.
Мың тілегім арналады сіздерге
Ұл-қыздарын бақытты етіп өсірген.
Берекесін көп қыл дейміз бергеннің,
Бағын ашсын арттарыңнан ергеннің.
Ең бастысы–бар байлықтың бастауы,
Денсаулығы мықты болсын жездемнің.
Айналаңда өсіп-өнген қыз-ұлың,
Көрмесінші бұл заманның шыжығын.
Өзің биік бәйтеректей жайқалып,
Көре бер тек балалардың қызығын.
Біледі адам жазмыштан озбасын,
Өзің тозба, көңілің де тозбасын.
Қуанышың қуанышқа ұласып,
Жанұяңда жаманшылық болмасын.





Пікір жазу