23.05.2022
  104


Автор: Ошақбай Суханберлин

Сағыныш

Өтеді күндер, өтеді жылдар,
Арылмады-ау бойымнан ызғар.
Сағынып жаным, келер деп өзің,
Көңілде шіркін толқиды сырлар.
Алыста болып, жат жерде өстім,
Біріндей болдым мыңындай көптің.
Белгісіз жүрдің, хабарсыз кеттің,
Жазығым не, не деп сөктің?
Жазығым не, не деп сөктің?
Өмірдің бойға азабын жектім.
Махаббат гүлін жүректен алып,
Қайғының гүлі – дедім де, ектім.
Сағынып түнде, қарадым айға,
Көрінсе бейнең осындайда.
Жүректен шыққан сезімді ұқсаң,
Шаттыққа шаттық қосылмай ма.





Пікір жазу