23.05.2022
178
Қалжың-қолқа
Бір махаббат келді қайта жаңғырып,
Жүрегімді алаулатып, жандырып.
Бәрін қой да ерініңді әкелші,
Бір сүйейін сусынымды қандырып.
Сендей жанды көргем біраз иіскеп те,
Қыздарға ешкім менен бұрын тиіспеп пе?
Тыржия бермей ағаңның көңілін көтерші,
Әппақ болған тамағыңнан иіскет те.
Тақалсам болды қолыңды қолға тигізіп,
Жалының–от, бойымды алды игізіп.
Қинай бермей ағаңды бір көтерші,
Шиедей болған ерініңнен сүйгізіп.
Амалың бар ма ісіне мынау Алланың,
Қызығы көп, қарап тұрсаң жалғанның.
Құтыра бермей тынышталдыр ағаңды,
Мың есе дейді сауабын солай алғанның.