23.05.2022
134
Өзіңді көріп...
Бір алапат, бойымды сезім билейді,
Жанарың сенің денемді баудай илейді.
Жүректің қатал, табиғи өзінің заңы бар,
Осыны шіркін кейбіреулер білмейді.
Өзіңді көріп ұмытып кетем бәрін де,
Өмірім сенсің, сенсің менің әнім де.
Сенсіз өтсе қысқа бір сәттік қызығым,
Неғылайын жалғанның мынау сәнін де.
Жанымда жүрші қуат беріп жаныма,
Жанымда жүрші береке беріп бағыма.
Бір күн көрмей қалсам кейде асығып,
Кездескім келер, үздігіп жүріп сағына.
Жанымда жүрші шуақтай болып шашылған,
Табылып жүрші әрдайым менің қасымнан.
Аңыз болып қалсақ деймін, осылай,
Өтсек солай жиырмасыншы ғасырдан.