23.05.2022
166
Арнадым саған
Арнадым саған жүректен шыққан жырымды,
Арнадым саған айтпаған жанға сырымды.
Ұмытып кетпей еркелеп өскен ортаңа,
Анда-санда салып қой көз қырыңды.
Қылығың да, мінезің де сүйкімді,
Қарап саған күйге түсем бір түрлі.
«Өзім толдым, өзім болдым» -десең де,
Ұмытып кетпе төркініңді, жұртыңды.
Қарап саған еске аламын өткенді,
Талай қызға сонда жүрек өртенді.
Өтеуін соның сұрамаймын, бірақ та,
Қисаң болды анда-санда өпкеңді.
Сенің жұмсақ мінезіңнен айналдым,
Сезіміммен саған жіпсіз байландым.
Өткізіп ап он сегіз бен отызды,
Енді міне, көріп тұрсың, жай қалдым.