23.05.2022
112
Бір сырым
Жолымды жолды ғылып күнде келем,
Сылтауратып жүзіңді күнде көрем.
Сонда да айтылмаған, ашылмаған,
Бір сыр бар көңілімде жатыр терең.
Жүректің осы сырын сеземісің,?
Мен саған назымды артсам, төземісің?
Таныстық-махаббат боп кеткен екен,
Қол ұшын енді өтінсем беремісің?
Түсінсең ойым терең, арман алыс,
Жоқтықтан жерге тығар бұл қу намыс.
Бұл күнде не болам деп жүргенімде,
Қайғы әлде, қуаныш әлде, болдың таныс.
Жас көңіл жатырқамас жақындаса,
Жүрек соға берер-ау алқынбаса.
Бұдан жаман бар ма екен ойлағанға,
Бірер сәт жылы жүрек салқындаса.
Шынымен арман алыс кеткені ме?
Шарықтап шығар шыңға жеткені ме?
Жастықтың қызық көрер бір кезеңі,
Адамға байқатпай-ақ өткені ме?