23.05.2022
  122


Автор: Ошақбай Суханберлин

Мен сені қалап едім

Қайғы кеп қосылады арманыма,
Бұл маған сыйға берген қанжарың ба?
Біреу білсе, білетін сен деп едім,
Кеудемнің қарамадың аржағына.
Көп жүрдім, көп толғандым, көп ойладым,
Қайғының қасіретін жеп ойладым,
Қызғанып көлеңкеңді басқа адамнан,
«Түбінде мендік шығар»,- деп ойладым.
Сені өзіме санадым, бара бердім,
Жүрегімді тек саған балап едім.
Сені сүйген жігіттер толып жатыр,
Болсын бірақ, мен сені қалап едім





Пікір жазу