23.05.2022
  112


Автор: Ошақбай Суханберлин

Не бітірдім

Отызға дейін не істедім,
Болып шықтым білмейтін.
Өткізіппін өмірді
Айтылған сөзді ілмейтін.
Отызға келіп жүргенде,
Жер ойылып кететін.
Қырыққа келіп, дес бермей,
Болдым мылжың бөсетін.
Содан кейін апырай,
Айыра алмай иістің.
Жөн-жобасыз сандалып,
Қыздарға кеп тиістім.
Ал елуге келгенде,
Тосты маған бергенде,
Кеудемді соғып сөйледім
Су болғанша көйлегім.
Алпысымда арындап,
Жастығым өтті жалындап.
Уайымсыз жердің төсінде
Қарным кетті қалыңдап.





Пікір жазу