23.05.2022
  148


Автор: Ошақбай Суханберлин

Шайпау қатын

Шайпау қатын келеді,
Қырып-жойып жан-жағын.
Күйеуі де құтырып,
Қыршып жатыр бармағын.
Долы қатын бұзады,
Шайтан бұзбас қамалды,
Тоқтатуға жауызды,
Таба алмассың амалды.
Сөйлей алмай дірілдеп,
Көбігіне бөленер.
Борбайына шаптырып,
Тұра келіп жөнелер.
Бұзбақ болып ұжымды,
Олай-былай секірді.
Екеуі де ұялас,
Құтырған ит секілді.
Арамызда жүрген соң,
Естісін деп айтам ғой.
Негізінде бұндайлар,
Барып тұрған сайтан ғой.





Пікір жазу