23.05.2022
100
Алдыңды болжа
Әлемде мынау менің де жүрген бар ізім,
Өтеп жүрмін елімнің берген қарызын.
Көрсеңдер болды Ұлы көштің белінен,
Алдыңда тұрған Суханберлінің жалғызын.
Естімей қалдым әкенің айтар ақылын,
Жасқанып өстім, аяқты басып ақырын.
Елгезек болдым, сыйласып жүрдім, бірақ та,
Кітаптан әрі аспады менің ақылым.
Таяқ та жедім, кітабым талай жыртылды,
Алдырмадым алдым түгіл, сыртымды.
Қысылып кейде шер бөліссең біреумен,
Еститін ем «ақылсыған» қыртылды.
Арақ та ішкен кезіміз де болды ғой,
Тойда тойып тойлағанда оңды ғой.
Ал, бірақ та арақпен ақыл айтқанды,
Амалың жоқ, айтпасыңа «сорлы ғой»
Өзгерді бүгін, дүние де өзгерді,
Кешегі ұрпақ өсті бүгін, көз көрді.
Ұсақ-түйек көңіл күйді лақтырып,
Алдыңды болжа, ойланатын кез келді.