23.05.2022
137
Даңғыл жолым
Даңғыл жолым болған жоқ,
Дақпыртқа еш ермедім.
Алла жалғыз, мен жалғыз,
Тізгінімді бермедім.
Үйретсем деп біреуді,
Білімге құлаш сермедім.
Оқыдым, өстім, өрледім.
«Ұстаздық еттім ерінбей»
Басқаға көңіл бөлмедім.
Мақсатым балғын ұрпаққа,
Жұғысты болсын бергенім.
Көрсем болды солардың,
Жақсылыққа ергенін.