23.05.2022
  354


Автор: Ошақбай Суханберлин

Әкені еске алу

Тіршіліктің тізгініне бағындым,
Білінбестен өтіп жатыр ағын күн.
«Тұяғым» деп өмір жолын сыйлаған,
Жан әкемнің жарқын жүзін сағындым.
Өмір деген өз заңымен жүреді,
Өз тілі бар, оның да бар жүрегі.
Құйын тірлік арасында қозысы,
Еркелейді әкесіне, күледі.
Мен да талай еркелеген шығармын,
Еркелеттің, жүрегіңнен сыр алдым.
Сұрап алған жалғыз осы балаңды,
Шыға алмаған биігіңе шығардың.
Көз көргендер сен туралы аңызды,
Есті дейді, тыңда дейді маңызды.
Жуас еді, бірақ терең молла еді,
Шапағатын жайып жүрген жаны ізгі.
«Отыз жеті» келген екен ақырып,
Сауаттылар кеткен екен атылып.
Белсенділер: -моллалықты тастатып,
«Ауылнайсың» деп кетіпті асығып.
Ауылнай боп екі-үш жылдай істепті,
Болмайтынды болдыруға күштепті.
Қысастығын көре-тұра райкомның,
Істеріне тілін талай тістепті.
Ауыл қалай төлемекші салықты,
Алдай-алдай үкіметті жалықты.
Содан кейін денсаулығы сыр беріп,
Іш-құса боп төсек тартып қалыпты.
Оңалмады, сол жатқаннан тұрмады,
Елді бұзбай өзі болды құрбаны.
Үлкендерден естігенім сыздықтап,
Ажалының осы екен-ау жұмбағы.
Көрмеген көшесінен жарылқасын! Аумин!





Пікір жазу