Нұрекеңе
Нұрахмет Қайырбайұлына.
Ақылы-дария ата жасын сұрама,
Ол бәрібір түпсіз терең ғұлама.
Осындай бір адам көрсең, -«Көрдім» -де,
Ол осында, мұнда отырған – Нұр-аға.
Нұр-ағаның өмір жолы өнеге,
Ондай кісі кемшілікке көне ме,
Жалқаулықпен олай-былай болғанда,
Әңгір таяқ ойнатады төбеңе.
Бірақ әділ, өтірікке бармайды,
Шындығыңды шындыққа әкеп жалғайды.
Мықтымын деп ойлап келген адамның,
Сабақтарын быт-шыт етіп талдайды.
Қатты айтатын сөздері бар күйретер,
Ал артынан түзетер де, үйретер.
Бірге шешіп, шешілмейтін жұмысты,
Өзіменен бірге өзіңді сүйретер.
Сол Нұрекең ұстаз сертін сақтап жүр,
Әлі солай шәкірттерді баптап жүр.
Бұрынғылар алпыс асып кеткенмен,
Кейінгілер мектепте әлі қаптап жүр.
Айтар тілек аппақ болсын, Нұр-аға,
Ордаңызға Қыдыр қонсын, Нұр-аға.
Сол орданың сәбилері көбейіп,
Ортаңызда базар болсын, Нұр-аға.
Бәйбішеңіз аман болсын, Нұр-аға,
Жақсылықты заман болсын, Нұр-аға.
Базарыңыз тарқамасын, Нұр-аға,
Жүйке-тамыр шаршамасын, Нұр-аға
Арманыңыз орындалсын, Нұр-аға.
Осылайша арамызда жүр, аға.