23.05.2022
  112


Автор: Ошақбай Суханберлин

Сені көріп

Сені көріп есіме түсті жастығым,
Толы екен-ау махаббатқа мас күнім.
Бір-ақ сөзбен үмітімді үзіп ең,
Содан кейін ақ жүрегім –тас бүгін.
Бірақ саған қайран қалып қарадым,
Баяғыдай шоқ боп тұрды жанарың.
Жүрегімді жүрегіңмен түрткілеп,
Аузын аштың бітіп қалған жараның.
Жастығымда талай азап салып ең,
Бәрін кешіп, сөзіңді де алып ем,
Қалай айнып кеткеніңе қайранмын,
Әубаста сені «періште» деп қалып ем.





Пікір жазу