23.05.2022
  116


Автор: Ошақбай Суханберлин

Ойда-жоқта

Ойда-жоқта кездесіп қалдық,
Түсінісіп іштен, біраз жерге бардық...
Келместі қайтып, өткенді айтып,
Түсіндіре алмаспын.
Жаныңды жанып,
Ойыңды бағып,
Күрсіндіре алмаспын.
Екеуміз бірақ,
Кеттік жырақ.
Тағдырдың заңы осылай.
Көз жасты бұлап,
Қалғансың ұзап.
Арманға арман қосылмай.
Кеттің-ау, содан тілеулім,
Етегін ұстап біреудің.
Білемін, ренішің зілдей еді,
Ұмыта алмадың өкпені.
Екеумізге бірдей еді,
Махаббаттың өткені.
Кінәлап әлі жүрсің бе,
Күрсін, мейлі күрсінбе,
Дұрысы... сөге көрме тек мені.
Дәтке қуат. Жастығыңды құшып ап,
Тағдырыңның тәлкегіне ұшырап,
Жүргеніңде көрсеттің, анау мұрттыны,
Түсіндім мен. Түсінер ме, жұрт мұны?





Пікір жазу