23.05.2022
175
Сағындым
Кейде көңіл көтеріп,
Күлгеніңді сағындым.
Жаныма келіп еркелеп,
Жүргеніңді сағындым.
Болмашыға дыз етіп,
Тыржиғаныңды сағындым.
Артынан оны түзетіп,
Жымиғаныңды сағындым.
Сұрақ беріп жаныма,
Келгеніңді сағындым.
Бір иіскеуге мүмкіндік,
Бергеніңді сағындым.
Сырласатын жан бар деп
Сенгеніңді сағындым.