23.05.2022
  126


Автор: Ошақбай Суханберлин

Кешір

Кешір қалқам, көріп едім сағымды,
Ұстай алмай содан жаным қағынды.
Сенің қандай қасиетің бар еді,
Селт еткіздің менің жастық шағымды.
Кешір қалқам, ұстай алмай өзімді,
Кете алмадым, ала алмадым көзімді.
Қысыламын қылығыма қиналып,
Кешір қалқам, алдау қиын сезімді...





Пікір жазу