23.05.2022
353
Жеңгемнің құдіреті
Бір әулетке келін болып келесің,
Сол ізетпен иіліп сәлем бересің.
Қайындарың жеңгелеп жүр айналып,
Енді қалай, жеңге демей не десін?
Мінезің де жұмсақ екен, қолы ашық,
Пейілің кең, келгендерге жол ашық.
Бәрімізге қамқоршы боп ақылшы,
Жанашырсың жүретұғын жол ашып.
Ұлдарың да жігер, күшін, қайратын,
Игі істерге жұмсай жүріп жайды атын.
Қыздарың да жиендерді жеткізіп,
Бақ әкепті ата-әжеге жайнатып.
Солай екен, жаның сенің базарлы,
Балаларың ауыл бопты ажарлы.
Бәрі бүгін бір-бір отау иесі,
Бұл да болса, бір Алланың назары.
Жүрсің бүгін құдірет тұтып ағайды,
Әзіліңнен шуақты нұр тарайды.
Ошақ отын лапылдатып отырған,
Саған бәрі мағұрланып қарайды.