Махаббат сезімі
Өжданыңды жоғалтпай, сыйлағың келсе өзіңді,
Есіңе бір түсірші, махаббат атты сезімді.
Жақсыны жақсы көрмейміз, білмегенсіп әдейі,
Айыра алмай жүреміз алтыныңды, жезіңді.
Махаббат деп лепіріп, жүреміз-ау мән соғып,
Жалған айтып тұрамыз, жүрегіміз қан толып.
Кейде қызып келесің, бір елігіп кеткен соң,
Тоқтай алмай жүреміз, жүрегіңе «ән» қонып.
Себептермен кейде бір, қосылады басымыз,
Сонда келіп бөсеміз, кәріміз де, жасымыз:
Махаббат деп ішейік, қалмасын «зло» түбінде, –
Махаббатқа ішпеген нағыз біздің қасымыз!
Тағдырыңнан кетпессің, маңдайыңа жазылған.
Пендеміз ғой бәріміз махаббатқа табынған.
Жүрек пен жүрек түсінер, сол бір нәзік сезімді,
Оятпақ боп тұрамыз, жынды сумен қағынған.
Сосын келіп ішеміз, біреу емес, бірнеше,
Келмес дейміз махаббат, арақ ішіп жүрмесе.
Айтатындар осыны, алысқа сірә бара алмас,
Жынды судың түбінен махаббатты іздесе.