23.05.2022
  134


Автор: Ошақбай Суханберлин

Сұлулық күштілігі

Жұпар атқан көктемде дала қандай,
Зырылдап жүр жігіттер жарағандай.
Қыпша бел, аққұбаның сұлуысың,
Барша жұрт тура өзіңе қарағандай.
Біреулер бар жағасын жыртып тұрып,
Бөседі-ау, сұлу жайлы мыжып тұрып.
Ал, сен болсаң топастың топасында,
Жүргізесің өзіңе ынтықтырып.
Болады сұлулықта құстың үні,
Өңінде адам сезбес түс түгілі.
Табындырып патшаның есін алған
Осы емес пе сұлулық күштілігі.





Пікір жазу