23.05.2022
  109


Автор: Ошақбай Суханберлин

Қыдашқа

Қыдашым менің, Қыдашым,
Келтірме адамның ызасын.
Жетпей ме сыртта жүргенің.
Енді қайда ығасың?
Қыдашым менің, Қыдашым,
От боп бірде қызасың.
Біреуден кейде жығылып,
Біреуді кейде жығасың.
Қызық – ау сенің мінезің,
Қайсы бірін тіземін.
Жауын боп кейде құясың.
Келтіріп жердің реңін.
Сағымдай сонау арманды,
Дүние дейтін жалғанды,
Әлі қуып келесің,
Көрдің бе жетіп қалғанды?





Пікір жазу