23.05.2022
113

Пиғыл
Байығаны жақсы ғой,
Жолын тапса байитын.
Сыбайласы көп, ұйқы жоқ,
Ұстарсың оның қай итін?
Жуастың малын аңдиды,
Күн демейді, түн демей.
Жоғыңды бірге іздейді,
Білмегенсіп үндемей.
Онсызда пасық көңілді,
Нарық келіп ширатты.
Жылпостық пен зұлымдық,
Адами қалпын қиратты.