Жаңа жылды күту
Біз құлшынып отырғанда , сайланып,
Жаңа жыл келіп қалды жайланып.
Аяз-Ата қоржынынан қолқалап,
Қалса дейміз мұртымыз да майланып.
Отырмыз әлі, дастарханды жайнатып,
Арулар жүр ет асып, шайын қайнатып.
Әншілер жүр аспандатып ән салып,
Күйшілер отыр домбырасын сайратып.
Келгендерді қошеметтеп жатырмыз,
Барлығымыз туыстан әрі жақынбыз.
Шырқатып салып, келтірген сәнін ортаның,
Әндеткен біз – табиғат берген ақынбыз.
Осыдан-ақ, көре бер ұжым бейнесін,
Қарттары отыр шешіп тастап жейдесін.
Қадыр ақын айтқан қалай дәл тауып:
«О, қазағым осы екен ғой көл-көсір»
-Сүмірейіп отырмайық, ал жастар,
Сөз бастады асабамыз той бастар,
Дуылдатып, дүрілдетіп, ән салып,
Би билейік таң атқанша қоймастан.
Қыздар бізге ыстық шайын бергенше,
Қамқоршылар ептеп көңіл бөлгенше,
Құрысып қалған денемізді жазайық,
Аяз-Ата ортамызға келгенше.
Пейіліміз қандай , тәбетіміз ашылды,
Арақ кетті, шарап судай шашылды.
Буырқанып енді жөнге келгенде,
Аяз-Ата келіп бізге бас ұрды.
Желбіретіп үстіндегі көйлегін,
Асаба да ұшып тұрып сөйледі:
-Жаралғанбыз жаңалықты қарсы алып,
Шашу шашып, сүйінші деп жар салып.
Енді міне, келді ортаға Жаңа Жыл,
Дуылдатып, сол үшін деп тарталық!
Не тұрыс?... Тарталық та тарталық...
Содан кейін білмейміз, қалай үйге тарқадық.
Білетініміз: Жаңа Жыл деп–Мешін келді.
Қыздырды да, оп-оңай шешіндірді.
«Бәріміз де маймылдан жаралғанбыз»-
деп отырған менің де,
үшінші күні есім кірді.
Сөйтіп... Осылдай келді Жаңа Жыл,
көптен күткен сағынтып,
Келді де бізді жіберді оңай қағынтып...