23.05.2022
  86


Автор: Ошақбай Суханберлин

Кінәлі ғасыр

Істері кейбір қыздардың.
Жүрегімді қозғады.
Баяғыдай ізет қып,
Бірінен-бірі озбады.
Не деп бүны түсінем:
Адамның әлде азғаны,
Заманның әлде тозғаны,
Наданның әлде озғаны.
Төсектің қымбат ләзаты,
Көрінген жерде шашылды,
Сыпырып тастап үятты,
Қол жаулық етті асылды.
Түсініп көр енді сен:
Қыз жігітке асылды,
Пәктігін сөйтіп шашып ап,.
Кінәлі қылды ғасырды.





Пікір жазу