23.05.2022
  121


Автор: Ошақбай Суханберлин

Мастық

Мөлиіп көзің, әлсіз ашылып,
Еңбек ақың суша шашылып,
Кейде екі аяқ екі жаққа,
Талтаңдап барад өнерін асырып.
Салбырап басың, ердеңдеп қолың,
Жалбырап шашың, бұлдырап жолың,
Бұл не, жұмақ па, дозақ па?
Айырып болмас оңы мен солын.
Жастықтың оты–қызыл тіл, қайран,
Бұралып, құбылып салып тұр сайран.
Оралып тілге ақ көбік шықты,
Сірә, бар-ау көкіректе «майдан»
Ішіп ап, азғындап жүрсе де өзі,
Мөлиіп күлед қыз десе көзі.
Бәрінен жаман ұят-ау өзі
Езіліп, үзіліп бұралса сөзі.





Пікір жазу