23.05.2022
110
Баянның таусылмас әні
Кішкентай менің қүлыным,
Қызық боп өтсін ғүмырың.
Шыр ете түскен, әлі де
Қүлағымда түр үнің.
Тірі жүріп Алланың,
Көрдім талай жазғанын.
Пенделікпен өзіңді,
Мүгедек ете жаздадым.
Аллаға шүкір, сақтады,
Қолымды менің қақпады.
Сәбиді сендей берді де,
Тілегімді ақтады.
Қылығың тәтті баласың,
Соныңмен елге жағасың.
Тәрбиелеп өсірді,
Алты жыл сені нағашың.
Әкем де, менің анам да,
Теңдесі жоқ ғаламда.
Ойлатып сені жеткізді,
Бүгінгі мынау заманға.
Келтіріп өмір ырғағын,
Өзің және Гүлнәрім,
Сендер аман түрғанда,
Таусылмас әнім-жырларым.