23.05.2022
  190


Автор: Ошақбай Суханберлин

Ғасыр жасаған қарттарым

Бір ғасырлық ғұмыры бар қарттарым,
Қымбат қандай біздер үшін аттарың.
Ұрпақтарың өсіп-өніп ержетіп,
Көрсетіп жүр жақсы-жақсы жақтарын.
Бұл бақытың жалғасады үзілмей,
Шаршамаңдар, тік жүріңдер бүгілмей.
Ұзақ-ұзақ шаттықтарың көп болып,
Жүріңдерші еш нәрседен түңілмей.
Адамдардан алыс жүріп жымысқы,
Адал істеп тапсырылған жұмысты,
Жүз жасаған әр шаңырақ киелі,
Болсын дейміз біздерге де жұғысты.





Пікір жазу