23.05.2022
  171


Автор: Сергей Есенин

Жан, жұлдызым – жарығым...

Жан, жұлдызым – жарығым,
Тек, сөнбеші, тілегім.
Қапасында қабырдың
Қалай соғар жүрегім?
Қайтқан құстың қапалы
Әуеніне қамығып,
Жаным мұңға батады
Жарығыңды сағынып.
Туған, өскен жұрт алыс,
Бәрі, бәрі жырақта...
Жанға жайлы тым таныс
Ән келеді құлаққа.
Сүйдім, күйдім, ұмыттым...
Ешкім бұған таң қалмас.
Ерінімді жібітті
Жас қайыңнан тамған жас.
Құлазиды атырап,
Түр-өңінде – тірі өлім.
Құлап жатқан жапырақ –
Жылап жатқан жүрегім.
Ауруыма ем кәні,
Жайым да жоқ жан баққан.
Көп ұзамай мен-дағы
Табылармын анжақтан...
Қара жерден жай нұсқап,
Қазалансам қас қағым
Қара тасқа оймыштап
Өлең жазар достарым.
Бірақ, бірақ, тасқа мен
Жазар едім басқа өлең:
«Қанша сүйсе қабақты,
Елін сонша жаратты».





Пікір жазу