23.05.2022
  132


Автор: Сергей Есенин

Сен айтасың

Сен айтасың: «Сағади
Сүйеді екен деп төстен...»
Көзім оттай жанады,
Ойымнан сол кетпестен.
Ән саласың: «Біз жақта
Қыздардан да гүл әсем».
Жүрегімді сыздатпа,
Оны менен сұра сен.
Гүл өседі бар елде,
Айтқан сөзің ұнайды-ақ.
Әйткенменен, әлемде
Шаганэден кім әйбат?!
Қайда қалар қу басым,
Тіл-жағына сүйенген?..
Ақын болып туғасын,
Ақын болып сүйем мен





Пікір жазу