Шаганэм менің, Шаганэм!
Шаганэм менің, Шаганэм!
Келгенімді білсең еді қай жақтан:
Солтүстіктен, сонау салқын аймақтан!
Көрсең етті өзіңе ұқсас жамалы
Ай астында аунап жатқан даланы...
Шаганэм менің, Шаганэм!
Келгенімді білсең еді қай жақтан:
Айдынында Ай сәулесін ойнатқан,
Орманы ше?! –
Мың-сан құсын сайратқан!
Шираз қанша болғанымен нұрлы, әсем,
Рязанның тырнағына тұрмас ол!
Солтүстіктен –
Сонау салқын аймақтан
Атып келе жатқан шақта жайлап таң,
Күнді көрсең жер-жаһанды жайнатқан!
Айнымайды-ау, айнымайды-ау Ай батқан
Сүт бетінен сүзіп алған қаймақтан.
Көрсең етті өзіңе ұқсас жамалы
Ай астында аунап жатқан даланы!
Көлді көрсең жаутаңдаған жанары,
Қанша мәрте,
Еркелеген самалы,
Бұйра толқын шаштарымды тарады...
Шаганэм менің, Шаганэм!
Өзіңдей қыз өзен бойын маңайлап,
Жан-жағына жаутаң-жаутаң қарайлап,
Жүрген шығар, жүрген шығар мені ойлап.
Шаганэм менің, Шаганэм!..