23.05.2022
  171


Автор: Сергей Есенин

Созсам қолым жетер деуші ем Айға да...

Созсам қолым жетер деуші ем Айға да,
Маған иіп ілкі дүние, иен көк...
Қалай ғана айтсам екен Ләйлаға
Парсыша мен «сені өлердей сүйем...» деп?
Қайдан білсін қадіріңді қаймана,
Көңіл ерек жүрген шақта күйді іздеп.
Қалай ғана айтсам екен Ләйлаға
Еркелете «ақ бетіңнен сүйгіз» деп?
Айдың әппақ нұрын еміп айнала
Тамылжып бір тұрған тұста лағыл-көк,
Қалай ғана айтсам екен Ләйлаға
«Маған ғана жар бола гөр, жаным...» деп?
Кез келген жан қыл пернеңді басар ма,
Тек жүректің еншісі ғой дүрсіл, дем.
Махаббатқа тіл жетпейді қашанда,
Сездірмесең сезіміңді күрсінмен.
Шын өбу ғой жалғандағы бір емің,
Шырын-шербет шарабындай жүзімнің.
Жүрісінен жаңылыстап жүрегің,
Ерініңде еріп кетер қызыл гүл!
Есеп емес таң ату, не күн бату,
Ару – ару, тоты – тоты торда да.
Қыз алдында кім өтімді, кім батыл –
«Менікі» деп айта алады сол ғана!





Пікір жазу