23.05.2022
  117


Автор: Сергей Есенин

Көйлегі көк...

Көйлегі көк,
Көздері де аспан көк
Сүйіктіме жан сырымды ашқам жоқ.
Ол айтады: «Сыртта ұлыған боран ба,
Пешке от жағып, қайтем, төсек салам ба?»
Мен айтамын: «Аспан жақтан, не керек,
Әппақ гүлді тұр ғой біреу себелеп.
Пешке от жақ та,
Жылы көрпе жап маған,
Сенсіз де бұл жүрегімде ақ боран...»





Пікір жазу