23.05.2022
  171


Автор: Сергей Есенин

Өкінбеймін

Өкінбеймін,
Шақырмаймын,
Жыламан...
Бәріне де шыдайды екен бұл адам...
Алтынсары күзге айналған шағымда
Аруларға баяғыша ұнаман.
Сен де жүрек, енді асыға соқпассың,
Сабырсыз ең,
Салқынсыдың,
Шоқ бастың...
Ақ сисалы ақ қайыңның әлемін
Кезіп жүрген кездерімді таппаспын.
Таңдайымнан тәтті дәмі кетпеген
Сайран күндер өтіп кетті-ау, әттеген...
Жастығымның жалт етпелі шағында
Кезім бар ма сезімімді шектеген?!
Қызығы мен қызуы кем кеуденің.
Көрген түстен айнымайды-ау кейде өмір...
Таң алдында күрең мініп Күн жаққа
Ағып өте шыққандаймын бейне бір!
Бұл өмірде толармыз да солармыз,
Жапырақтан тамар тамшы, тамар күз...
Бәрін берген тіршілікке мың шүкір
Өндік,
Өстік,
Өштік...
Мола болармыз...





Пікір жазу