Брюсовты еске алу
Ұмсын көкке,
Тылсым жаққа соз қолды,
Жүрек сазып,
Жібек тозып, бөз қалды.
Біз де өлеміз...
Іздемеңіз фәниден,
Жай аламыз
Жарығы жоқ жаңа үйден.
Айтқанымның қатесі жоқ,
Дұп-дұрыс,
Ешқашанда ұмытпайды бізді Русь.
Сүйдік,
Құштық сұлулардың қаншасын...
Енді бізді ел де, жел де аңсасын.
Қара нан жеп,
Қалта түбін мың қақтық,
Біз қымбатпыз,
Бізден гөрі қымбат жұт.
Тағдыр шіркін таз-тақырға кенде ме?!
Ойна, іш, же,
Дөңгеле, Жер, дөңгеле!
Біз айтпаған,
Біз шертпеген қайда аңыз?!
Гогольді де іреп, сынап, сойғамыз.
Жай кезде де,
Қай кезде де, қайран дос,
Едік-ау біз елшіл, өршіл, майдандас!
Енді, міне, өлді Брюсов,
Өкінбеймін, Шақырмаймын, Жыламан ...
Өлді ақын...
Осы екен ғой Өмір деген салдақың!..
Біз де өлеміз,
Сіз де өлесіз,
Мен де өлем,
Бұл жалғанда өлмейтін жан кемде-кем.
Ақын мұңдас қай кезде де ақынмен,
Аяулы дос,
Ояулы дос, бақыл бол...