23.05.2022
154
Оспадардың шат көңлі...
Оспадардың шат көңлі,
Нәзік жанға қайғы өш.
Керек емес бақ та енді,
Керек емес айлы кеш.
Табылмады жарама ем,
Итжанды екем мен де анық.
Қарғыс атқыр қара жол
Мәйханаға келді алып.
Саралтындай салмағым,
Қайрылмасаң, қайыр қош!..
Бұтымдағы дамбалым –
Арағыма айырбас.
Терезеге телмірем
Әдетімше қай кезгі.
Кешегі ептеп сергіген
Жүрегімді қайғы езді.
Айналайын, аусарым,
Әдетіңді тастама.
Танауына саусағын
Жүгіртеді жас бала.
Жүгірт, жүгірт тағы да,
Сұқ саусақты сал, былай!
Бірақ, бірақ...жаныңа
Жәбір берме дәл бұлай.
Мен де мимырт түріммен
Соға бермей санымды, –
Саусақ емес, тығынмен
Тыншытайын жанымды.