23.05.2022
  126


Автор: Сергей Есенин

Алдым да артым беймәлім...

Алдым да артым беймәлім,
Көңіл шіркін неге алаң?
Мен беймезгіл мейманмын,
Беу, мейірбан Жер-анам.
Орман, тоғай – төңірек,
Қыран қалқып жүр көкте.
Біз де өмірге келіп ек
Бірдеңені білмекке.
Жаным таппай жарасым,
Жатырқайды жан-жағым.
Қарға құрлы қарасын
Көрсетсе етті арманым...
Бағым ба, әлде сорым ба, –
Жанымды түн жалмайды.
Қоштасарда соңымда
Ештеңе де қалмайды!
Жатқа қиып сені мен
Қалай жалғыз қалдырам?
Көк аспанның елінен
Жанарымды талдырам!..–





Пікір жазу