23.05.2022
120
Тыңдасаң етті иеңді...
Тыңдасаң етті иеңді,
Итжанды менің жүрегім.
Сезікшіл сендей «сүйелді»
Кездікпен бір күн тілермін!
Бұл өзі маған, саған да
Ерте ме, кеш пе аян жай.
Көңілім тыншу табар ма
Ан-а-ау бір жақтан жай алмай...
Бір көру кеше мұң болған
Әдірем қалар дос, туыс.
Әурелі жанға бұл жалған –
Әншейін ғана бос қуыс.