23.05.2022
  144


Автор: Жамбыл Жабаев

ЖАМБЫЛДЫҢ БАҚТЫБАЙ АҚЫНМЕН ТАНЫСУЫ

Бақтыбай:
Біздің ауыл Қаратал,
Шаңырақтың бойында.
Мен үйімнен шыққанда,
Сен бар едің ойымда.
Өзің қандай, мен қандай,
Жалыным аз бойымда.
Көне тартқан шағым бар,
Көзіңді сал, пайымда.
Қойшыны Құдай атарда,
Шопанға тиер таяғы.
Қырсау тартқан кісімін,
Мен өлеңнің саяғы.
Күй мен сөзді ағытқан,
Қайратым жоқ баяғы.
Ол күнімде іздеуші ем,
Тоятымды алыстан.
Он бір ақын Найманда,
Бірінің аты – Арыстан.
Арыстанмен мен едім
Күні-түні алысқан.
Алысқан соң жарай ма
Қатарыңнан қалысқан?
Сол бір ұлы дүбірде
Танбап едім шабыстан.
Көн сияқты кəріміз
Енді аяғы шалысқан.
Бір сөйлейін деп келдім,
 Жамбыл Жабаев
Естіп сені дабыстан.
Қожақанның үйінде,
Ақын Жамбыл өзіңмен
Кезім осы табысқан.
Жамбыл:
Əуелі сəлем берейін,
Жасыңыз үлкен аға деп.
Өлең-сөзге желейін,
Тұрғанында шама кеп.
Бойда қайрат барында,
Ойдан өлең төгілсін.
Сыйласуды көргенде,
Жұрт көңілі егілсін.
Майекеммен айтысып,
Мəлім болған өзіңсің.
Абақ, Тарақ арасын
Аралаған серімсің.
Алыс, жақын – бəрін де,
Саралаған ерімсің,
Алдыңызда сөйлейін,
Өлең бойы көрінсін.
Егер сөзім ұнаса,
Оң батаңыз берілсін.
Ұнамаса өлеңім,
Онда менен жерірсің.
Мен жөнімді айтайын:
Шапырашты елінде,
Қара-Қастек қонысым,
Майтөбенің төрінде
 Жамбыл Жабаев
Өлеңменен шырқадым.
Алатаудың беліне
Тастап кеттім бір сарын,
Қырғыз, қазақ еліне.
Қаздай қалқып, ерінбей,
Өлең тердім жасымнан.
Майкөт ақын, Құлмамбет,
Орын берді қасынан.
Майлықожа, Құлыншақ
Пірім еді бас ұрған.
Айтқандары нұсқа еді,
Сөзі жаралған асылдан!
Айтар сөзім қысқа еді,
Тоқтатайын осыған.





Пікір жазу