23.05.2022
  302


Автор: Ерлан Рымбек

Мен қазақтың баласы

Ел тағдырын ойлайтын,
Әділдікті қолдайтын.
Мына бес күн жалғанда,
Бейбіт өмір жолдайтын,
Мен қазақтың баласы.
Отанымды сатпайтын,
Ел сенімін ақтайтын.
Қазағымның тарихын,
Жүрегімде сақтайтын,
Мен қазақтың баласы.
Арымды ана тілімді,
Құрметтейтін дінімді.
Түнгі ұйқымды төрт бөліп,
Ойлайтұғын білімді
Мен қазақтың баласы. .
Дәстүрімді салтымды,
Қадірлейтін халқымды.
Жолдауыма берік боп,
Бұзбайтұғын антымды,
Мен қазақтың баласы.
Дархан қазақ жерімді,
Өркендетіп елімді.
Еңбек етем қамықпай,
Қайыстырмай белімді.
Мен қазақтың баласы.
Әр қазақтың арманын,
Орындасам сол бағым.
Абылайдай батырдың,
Келеді кейпін сомдағым.
Абай жолын кешем деп,
Қаламымды қолға алдым.
Белімді буған білімге,
Мен қазақтың баласы.





Пікір жазу