23.05.2022
215
Ауылым алтын бесігім
Ақбұлақтың самалынан шабыт тұнды,
Шабытым өзегімде жанып тұрды.
Ауылым деп шаттыққа бөленсемде,
Кәрі шалдай тұрған бейнең қамықтырды.
Сағынып келгенімде мұрынымды,
жуссанның жұпар иісі жарып тұрды.
Қанша өмірім қалсада ауылымның,
мұң мұқтажы есігімді қағып тұрды.
Халықтың жан айқайын көргенімде,
Жанарымнан мөлдіреп жас тамып тұрды.
Мектепті айтар болсам білім берген,
Ұстаздарым көзді ашып жарық қылды.
Сол бақытты шақтарын жоғалтқандай,
Көзінен қан жылатып халық тұрды.
Ал қазір қарап тұрсам жоқтауменен,
Әр үйдің ауласында табыт тұрды